Футбол

Луис Энрике: «Иньеста сияқты ойыншы әлемде біреу ғана»

news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» бапкері Луис Энрике команда капитаны Андрес Иньестаның жарақаты жайлы сөз қозғады.

«Біздің құрамымызда да, әлемнің басқа клубының қатарында да Иньеста сияқты ойыншы жоқ. Және бұл біз үшін бас ауыртарлық жағдай.

Менің командамда мықты ойыншылар жетерлік. Дегенмен, мен бүкіл әлемнен Иньестаны алмастыра алатын ойыншы кездестірмедім.

Қалай болғанда да, біздің жоспарларымыз сол күйінде қалады. Біздің мақсатымыз қатарымызда қандай ойыншылар болғанына қарамастан өзгеріссіз қалады», – деп Луис Энрике сөзінен Marca үзінді келтіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер