Бокс

Кіші Флойд Мейвезер: «Біз боксшыларға жағдай жасауды ойлаймыз»

news-banner7
mobile-news-top

Бокстан 12 дүркін әлем чемпионы кіші Флойд Мейвезер өзінің промоутерлік компаниясы бірінші кезекте жас боксшыларға көмектесуді ойлайтынын, ал ақша мәселесі тек екінші орында екендігін жеткізді.

«Мен өте жас кезімде төбелесіп бастадым. Алғашқыда біз тәтті үшін де төбелестік. Одан кейін аздаған ақша үшін жұдырықтастық. Кейін мен үлкендер лигасына ауыстым. Көптеген адамдар мен жеңеді деп бәс тіге бастады. Міне, менің спорттық мансабым осылай басталды.

Маған промоутер болған ұнайды, мен бақыттымын. Мен бұл кәсіпті ақша үшін бастаған жоқпын. Мен үшін менің батырларымның ақша тауып өз армандарын жүзеге асырғаны маңызды. Менің компаниямда жүмыс жасау өте жеңіл, Себебі, біз оларды пайдаланып ақша табуды емес, оларға жағдай жасауды ойлаймыз», — дейді кіші Флойд Мейвезер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер