Футзал

Рикардиньо Игитаны «Қақпашы-плеймейкер» деп атады

news-banner7
mobile-news-top

Португалия құрамасы мен «Интер Мовистардың» ойыншысы Рикардиньо uefa.com сайтына сұхбат беріп, УЕФА кубогының төрттік финалы жайлы айтты.

— Алматыда кубок үшін «Югра», алаң иесі «Қайрат», «Спортинг» және «Интер» таласқа түседі. Қарсыластар жайлы не айтасыз?

— Өте қиынға соғады. Үш қарсылас та әртүрлі мәнерде ойнайды. Біреуі қақпашы-плеймейкермен ойнаса [«Қайраттың» қақпашысы — Игита], тағы біреуі шабуылды бір мықты ойыншы арқылы өрбітеді [«Газпром-Югра»], ал үшіншісі [«Спортинг»] — көптеген шетелдік ойыншыларға сенім білдіреді. Үшеуі де әртүрлі және үшеуі де өте мықты командалар.

Естеріңізге сала кетейін, сәуірдің соңында «Алматы Арена» футзалдан УЕФА кубогының төрттік финалын қабылдайды.

Дереккөз: prosports.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер