Футзал

Алесио: «Какауға мені ұсынғаны үшін алғыс айтамын»

Алесио:  «Какауға мені ұсынғаны үшін алғыс айтамын»
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» АФК бапкерлер штабының мүшесі Жозе Алесио Да Силва жақын күндері Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалған болатын. Бүгін Жозе мансабының жаңа кезеңінен не күтуге болатынын айтты.

- Ең алдымен мен ұлттық құраманы Какау мен «Қайрат» басшылығының, сонымен қатар ассоциация президентінің өтініші бойынша қабылдадым. Қазақстан ассоциациясының маған сенім білдіргені үшін және Какаудың мені осы қызметке ұсынғаны үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ, «Қайрат» басшылығына екі жұмыста жүруге рұқсат бергені үшін алғысым шексіз. Мен қолымнан келгеннің бәрін жасаймын және Қазақстан құрамасының тек жоғарғы орындардан көрінгенін қалаймын.

Өте ауыр жұмысты қабылдағанымды білемін. Күнтізбенің тығыз болуына байланысты ЕУРО-2018 жарысына дайындалуға аз уақыт қалады. Кейбір маңызды ойыншылар жарақат алған, кейбірі басқа елде ойнайды. Бастысы Какау жасақтаған команданы сақтап қалуымыз керек. Осындай нәтижелерден кейін сол деңгейде қалу қиынға соғады.

Бізде жолдастық кездесулерге аз уақыт қалды. Қолда бар нәрсені қолданамыз. Әрине, құрамаға өз тарапымнан кейбір өзгерістерді енгіземін. Сонымен қатар, жас футзалшыларды шақырамыз. Бұл олардың құрамадағы жұмысқа үйретіп, кейін команданы жасартуға көмектеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер