Футбол

Исламхан мен Максимович – ҚПЛ-дың қос жұлдызы

Исламхан мен Максимович – ҚПЛ-дың қос жұлдызы
news-banner7
mobile-news-top

ҚПЛ-дың кезекті маусымы аяқталған соң футболшылардың трансферлік бағаларын сараптаушылар Қазақстан чемпионатындағы ойыншылардың сатылым құндарын жаңартты. Осылайша, ең қымбат легионер атағын Неманья Максимович алса, отандық футболшылардан ең бағалысы Бауыржан Исламхан болды.

Ең қымбат қазақстандық

Бауыржан Исламхан

23 жаста, 174 см

Клубы: «Қайрат»

Азаматтығы: Қазақстан

Амплуа: Шабуылдаушы жартылай қорғаушы/орталық жартылай қорағушы

ҚПЛ-дағы статистикасы: 147 матч, 34 гол

Қазақстанда 2011 жылдан бері өнер көрсетеді

Трансферлік бағасы: 1800000 евро

Ұлттық құрамада 21 матч

225e6377feb16aea92e720ceec9dcf4b.jpg

Қазақстандық талант кезекті маусымды жоғары деңгейде өткізіп, нәтижелігімен көзге түсті. Алайда, бұл жолы да алтын медаль қанжығалай алмады. Бірақ футболсүйер қауым Исламханнан оны күтпейді – бәріміз де еуропалық мықты чемпионаттарда қазақстандықты көргіміз келеді. Баторидан басқа кім арманымызды орындай алады?

Жыл сайын Исламханның бағасы өсіп келеді, 2013 жылдан бері осылай. «Таразда» Бауыржан 150 мың еуроға бағаланған еді. Артынша Исламхан үшін «Кубань» жамбылдық клубқа 200 мың доллар төледі, сөйтіп, оның бағасы 345 мың еуроға дейін өсіп кетті. «Қайратта» хавбек 590 мың еуроға бағаланған, келесі жылы трансферлік құны 980 мың еуроға дейін ұлғайды. Ал былтыр футболшы еліміздегі ең қымбат футболшы атанды – 1 миллион 800 мың еуро. Бауыржан бұл тұрғыда 1175000 еуроға бағаланған Юрия Логвиненко мен Дмитрий Шомконы озып кетті.

«Қайрат» өзінің капитанын оңайлықпен бере салмайтыны анық, бірақ еуропалық клубтар жақсы сома ұсынса, трансфер жүзеге ауысуы ықтимал. Оның үстіне, мұндай футболшыны сату алматылық клубқа да атақ алып келеді.

Ең қымбат легионер

Неманья Максимович

21 жаста, 189 см

Клубы: «Астана»

Азаматтығы: Сербия

Амплуа: артқы жартылай қорғаушы/орталық жартылай қорғаушы

ҚПЛ-дағы статистикасы: 54 матча, 9 голов

Қазақстанда 2015 жылдан бері өнер көрсетеді

Трансферлік бағасы: 3000000 евро

Ұлттық құрамада 3 матч

0531c5bae46de96cfc21289038d201ab.jpg

Неманья әлі де «Астананың» ойыншысы болып тұрғандықтан, осы маусымның қорытындысы бойынша ҚПЛ-дағы ең қымбат футболшы атағын серб алды. Былтыр бұл атақ Герсон Асеведода болған еді, бірақ «Қайратқа» дейін 3 миллион еуроға бағаланған Герсон қосалқы құрамда жиі қалған соң, 500 мың еуроға арзандап қалды.

Астаналық жартылай қорғаушы шеберлігін ұштап, Ла Лигада ойнайтын «Валенсиямен» келісім-шартқа отыра алды. Бұл клубқа жазда ауысатын болар.

Футболшының мансабы 2013 жылы «Домжаледе» басталған, сол кездегі бағасы 73 мың еуро болатын. Бірнеше айдан кейін 97 мың еуроға дейін өсті. Айта кетейік, Словения біріншілігінде ойнамас бұрын, Немо жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатында топ жарған болатын.

Келесі маусымда Максимович 193 мыңға дейін қымбаттады. Словениялық клубтағы сәтті ойынының арқасында Неманьяның трансферлік бағасы 484 мың еуроға дейін өсті. Жарты миллион еуроға «Астанаға» ауысып, U-20 құрамалары арасында әлем чемпионы атанған соң, ойыншының бағасы бірден 2 миллионға дейін шарықтап кетті.

Осылайша, бұл хавбек ҚПЛ-ге келіп, футбол шеберлігін арттырып қана қоймай, өзінің трансферлік бағасын арттырып, еуропалық клубтарға ауысқан аз ғана легионерлердің қатарына енді. Өкінішке қарай, «Астана» Неманья үшін ешқандай қаржы алмайды. Ал егер «Валенсия» бұл ойыншыны сатып жіберсе, елордалық клуб трансфердің белгілі бір пайызын алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер