Бокс

Чарлоның бапкері: «Шәкіртімді Головкинге қарсы қойғым келмейді»

Чарлоның бапкері: «Шәкіртімді Головкинге қарсы қойғым келмейді»
news-banner7
mobile-news-top

Америкалық боксшы Джермалл Чарлоның (24-0, 18 КО) бапкері Ронни Шилдс өз шәкіртінің орта салмақтағы болашағы жайлы пікірімен бөлісті.

«Джермаллдың аты шықпаған боксшылармен жұдырықтасқанын қаламаймын. Ол тек мықты жігіттермен ғана кездеспек. Бірақ оны дәл қазір Головкинге қарсы қойғым келмейді. Оған, алдымен, жаңа дивизионға үйрену қажет, қайда келгенін түсінсін. Топ-15 боксшылардың ішінен қарсыластар іздейміз», - деді Шилдс.

Бұған дейін Чарло ешкімнен қорықпайтынын айтып, Головкинмен 160 фунтта жұдырықтаса алатынын мәлім еткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер