Футзал

Есенаманов «Қайратқа» жеңіс сыйлады

Есенаманов «Қайратқа» жеңіс сыйлады
news-banner7
mobile-news-top

«Аят» пен «Қайрат» арасындағы екінші матчта тағы да төрт гол соғылды.

«Аят» бейсенбі күні «Қайратпен» өткізген сәтті ойыннан кейін, бүгін де дәл сол мәнермен жалғастырды. Сұрмергендер тізімінде көш бастап келе жатқан Эрик өзінің осы маусымдағы 12-ші голын соғып, рудныйлықтарды алға шығарды.

Дегенмен Какау шәкірттері жағдайды жақсартып алды. Үзіліске дейін Хоссейн Тайеби «тоғыздықты» дәл көздеп, есепті теңестіріп кетті. Екінші таймда Шыңғыс Есенаманов мүмкіндігін бос жібермей, есепті 1:2 қылды. 38-ші минутта команда капитаны Дінмұхамед Сүлейменов ойынның нүктесін қойды.

RBK-Қазақстан чемпионаты. 10 тур

«Аят» 1:3 «Қайрат»

«Аят»: Лопатюк, Сванов, Майкон, Жайро, Эрик, Селиньо, Солушенко, Рындин, Сағындыков, Александров, Кузнецов, Смолин, Чеботарев, Отегенов

«Қайрат»: Янов, Игита, Ронкальо, Жаманқұлов, Сүлейменов, Першин, Есенаманов , Дуглас, Диваней, Эвертон, Тайеби

Голдар: Эрик 16 – Тайеби 19, Есенаманов 25, Сүлейменов 38

Төрешілер: Қосмұхамбетов (Қостанай), Сәлімов (Астана)

20 қаңтар, Рудный, «Аят Арена» СК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер