Criminals
Командалық

Допты хоккей: «Ақжайық» ресейлік «Маякты» ұтты

news-banner7
mobile-news-top
Допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасының екінші тобында өнер көрсетіп жүрген Оралдың «Ақжайығы» бүгін өз айдынында краснотурьинскілік «Маяк» командасын қабылдады.
Аталмыш ойын қарсыластар арасындағы чемпионаттағы екінші кездесуі. Бұл жолы айдын иелері осы топта 36 ұпаймен көш бастап келе жатқан қарсыласын 8:1 есебімен күйрете жеңді. Дегенмен бірінші таймда 33-минутта қонақтар (Дмитрий Ярославцев) есеп ашты. 41-минутта «Ақжайықтың» мерген шабуылшысы, ресейлік Сергей Башаев есепті теңестіріп үлгерді. Ал кездесудің екінші кезеңінде оралдықтар жауапсыз жеті доп соқты. С.Башаев барлығы алты доптың авторы атанса, команда капитаны Максим Өтебалиев пен Еламан Әліпқалиев «Маяктың» қақпасынан саңылау тапты. Сөйтіп осы матчтан кейін 28 ұпай жинаған «Ақжайық» турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.
Айта кетейік, батысқазақстандықтар келесі кездесулерін 21-22-ші қаңтарда өз айдынында алтыншы орындағы екатеринбургтық «СКА-Свердловск» командасымен өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер