Қазақстан және әлем спорты
Бокс

Геннадий Головкиннің экс-қарсыластары бір-бірімен жұдырықтасатын болды

Геннадий Головкиннің экс-қарсыластары бір-бірімен жұдырықтасатын болды
news-banner7
mobile-news-top

WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) экс-қарсыластары канадалық Давид Лемье (36-3, 32 КО) мен америкалық боксшы Кертис Стивенс (29-5, 21 КО) бір-бірімен 11 наурызда жұдырықтасатын болды.

2013 жылдың 2 қарашасында Геннадий Головкин америкалық Кертис Стивенспен жұдырықтасып, 8-раундта жеңіске жетті. Стивенс жекпе-жек алдына Генаның суретін табытқа бейнелеп «жерлегенімен», түрлі боғауыз, балағат сөздерімен есте қалды. Сондай-ақ, Геннадийден қатты соқы алып, нокдаунтқа түскен сәтіндегі «О, Құдай. Неге мені мұнымен жолықтырдың?» деген секілді көз-қарасымен де жазыдымызда қалды. Сол суреті бірнеше келеке-мэмдерге арқау болғаны әлі есімізде.

Жекпе-жектен кейінгі Кертис Стивенстің пікірі: Головкинді реванш кездесуде жеңемін деп үміттенемін. Себебі, мен IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанғанда бұл «оңбағанмен» қайта кездескім келеді.

2015 жыл. 18 қазан. Геннадий Головкин өзінің карьерасында сол кезге дейінгі ең қауіпті саналған канадалық боксшы Давид Лемьені 8 раундта техникалық нокаутпен ұтты. Давид Лемье Геннадий Головкинмен жұдырықтасқанға дейін 36 кездесу өткізіп, 34 рет жеңіске жеткен. Оның 31-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал, 2 кездесуінде жеңілген.

Барлық бокс мамандары Давид Лемье Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыластарына қарағанда ең мықтысы деп баға берген болатын. Бұл айқаста Геннадий жеңілуі мүмкін деген пікірлерін де айтып жатты. Себебі, Давид Лемье Геннадий секілді қарсыластарын тек текхникалық нокаут және нокаутпен жеңіп отырған. Лемьенің де соққылары Геннадийдікіндей ауыр болатын. Бірақ, барлығы мамандар айтқандай болмай шықты.

Жекпе-жектен кейінгі Давид Лемьенің пікірі: Оның джебі мықты. Ол мені джебі арқылы ұтты. Шын мәнінде мен бұдан үлкен күшті күткенмін, бірақ ол үнемі джебті іске қосып отырды. Ол өте жақсы боксшы. Мүмкін, мен бұл айқаста бұдан да зорын көрсете алар ма едім. Мен айқастың ұзаққа созылғанын қаладым, бірақ төреші басқаша шешті.

Кертис Стивенс Головкиннің 28-ші, канадалық Давид Лемье 34-ші қарсыласы еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер