СІЗ БІЛМЕЙТІН ҚЫЗЫҚТАР
Футбол

Офсайдты алып тастап, буллит сериясын қосу ұсынылды

Офсайдты алып тастап, буллит сериясын қосу ұсынылды
news-banner7
mobile-news-top

ФИФА-ның техникалық директоры Марко ван Бастен офсайд пен сары қағазды алып тастауды, сондай-ақ бірқатар ережелер енгізуді ұсынды.

Аңызға айналған футболшының футбол ережесіндегі ұсыныстары мынадай:

Қосымша уақыттан бас тарту

- Қосымша 30 минутта бәрі шаршап қалады деп ойлаймын. Кубоктық матчтарда негізгі уақыт біткен соң, бірден пенальти тебісуге болады.

Буллит-пенальти

- Ойыншы пенальти нүктесін қақпадан 25 метр қашықтықтан бастап, доппен ақырындап жақындай береді. Футболшы мен қақпашы бірге-бір шығады. Мұндай пенальтиді орындау үшін 8 секунд берілуі тиіс.

Пенальтиді бұлай орындаса, көп нәрсені сәттілік емес, шеберлік шешеді деп ойлаймын. Осындай пенальтиді көру қызығырақ секілді.

Офсайдтан бас тарту

- Офсайдсыз ойынды тамашау қызық болады. Бүгінде футбол гандболға ұқсап кетті. Бір команда өз айып алаңында 9-10 ойыншымен қорғанады. Мұндай жағдайда қарсыласқа гол соғу қиын. «Ойыннан тыс қалу» ережесі болмаса, гол соғуға мүмкіндік те көп болады.

Таймды төртке бөліп тастау

- Таза, динамикалық футболды, нағыз триллерді көргіміз келеді. Футболдың осындай болуы үшін бәрін жасау керек. Мұндай жағдайда ойында үш үзіліс болады, демек, бапкерлерге де ойыншысымен сөйлесуге көп мүмкіндік туады.

Қызғылт қағаз

- Ойыншы ереже бұзып, бірақ бұл қызыл қағаз көрсететіндей жағдай болмаса, қызғылт қағаз көрсету керек. Мұндай кезде ойыншы алаңнан 10 минутқа ғана қуылады. Бір ойыншы ойын тәртібін көп бұза берсе де, қызғылт қағаз көрсетуге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер