Criminals
Бокс

Асис ақша үшін шықты ма?

Асис ақша үшін шықты ма?
news-banner7
mobile-news-top

Бірінші орта салмақта бақ сынайтын отандасымыздың кәсіпқой бокстағы 23-ші жекпе-жегіндегі қарсыласы Робсон Ассис жайлы не білеміз?

Робсон Ассис мансабындағы 20-шы кездесуіне шығады екен. Бразилиялық осы уақытқа дейін өткізген 19 кездесуінде 3 рет жеңіліп, 16-сында жеңіске жеткен, 9 жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен ұтқан.
Робсон Соареш де Ассис 38 жастағы бразилиялық боксшы. Спорттағы мансабын 2006 жылы бастаған, алғашқы кездесуінде Эурепиуса Хосе Де Маураны ұпай санымен женген. Содан кейі Ассис 6 жыл үлкен спорттан алшақ болды. Боксшы тек 2012 жылы қайта оралып 24 айдың ішінде 13 кездесуде жеңіске жетті. Оның сәтті сериясы титулды кездесуге жол ашты. Аргентиналық Хектор Карлос Сантананы ұтқан боксшы, interim WBO Latino атғын иеленді.
Мансабындағы басты кездесуін бразилиялық Австралияда өткізді. Оның қарсыласы жас жұлдыз Джефф Хорн болды. Бұл кездесу Робсон үшін өте ауыр өтті. Жекпе-жектің 4-ші раундында қарсыласы оны сұлатты. Сөйтіп Ассистің PABA және WBO Oriental атағына жорығы аяқталды.

Шынына келгенде Робсон ұзақ демалмады. Бір айдан кейін ол өзінің жерлесі Флавио Пардиньоны 8 раундық кездесуде жеңді. Бразилиялық өзінің мансабындағы екінші титулды кездесуіне колумбиялық Самуэль Варгасқа қарсы өкізіп тағы да жеңіліс тапты.

Ассистың мансабындағы шешуші жекпе-жегі IBF титулы үшін канадалық Стивенс Батлерге қарсы өткен. Алайда оның мансабында осы кездесуде нүкте қойылды. Себебі кандалық боксшы оған еш мүмкіндік бермей 1-ші раундта сұлатып түсірді.

Көптеген жеңіліс тапса да, Ассистың еншісінде 16 уақытынан ерте жеңістер барын ұмытпайық. Жерлесіміз Қанат Ислам қарсыласын айқын басымдылықпен женетініне сенеміз.
Айта кетейік, Қанат Ислам мен Ассис арасындағы кездесу 17 ақпан күні Уилмингтон (штат Делавэр, АҚШ) қаласында Рой Джонс (кіші) пен Бобби Ганна андеркартында өтеді.
c1abe6b787675e137f9a8c45021fd403.jpg
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер