Бокс

Рики Фуньес: «Рой Джонс Головкинді жеңе алады»

Рики Фуньес: «Рой Джонс Головкинді жеңе алады»
news-banner7
mobile-news-top

Америкалық бапкер Рики Фуньес орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Рой Джонс пен сол дивизионда бүгінгі бірінші нөмір Геннадий Головкинді салыстырды.

«Олар рингте кездессе, кім ұтар еді? Әрине, Джонс Головкинді жеңеді. Ол өте мықты болатын – нағыз жыртқыш», - деді Фуньес EsNews-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, Рой Джонс кәсіпқой бокста төрт салмақта өнер көрсетіп, 73 жекпе-жек өткізді. 64 кездесуде жеңіске жетсе, қалған тоғызында жеңіліп қалды. 46 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал Геннадий Головкин болса, орта салмақта 36 жекпе-жек өткізіп, бәрін де жеңіспен аяқтады. 33 кездесуді нокаутпен жеңген. Сондай-ақ, қазақстандық боксшы қатарынан 21 жекпе-жек бойы нокаутпен ұтып келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер