Футбол

Қазақстан құрамасы Гранаткин Мемориалының финалына шықты

Қазақстан құрамасы Гранаткин Мемориалының финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында тұңғыш рет Гранаткин Мемориалының финалына жолдама алды.

Жарыстың жартылай финалында Александр Кузнецовтың командасы Грекия құрамасымен күш сынасты. Тартысты өрбіген ойында жерлестеріміз 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан сапында Айдос Орал дубль жасаса, гректерде Цоварас көзге түсті. Айта кетер жайт, бір тайм бойы отандастарымыз бір ойыншыға кем ойнады. Матчтың 42-ші минутында Пайруз алаңнан қуылған болатын.

Енді финалда Қазақстан құрамасы Ресей - «Зенит» жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Гранаткин мемориалы - 2017. 1/2 финал

Қазақстан U-18 - Грекия U-18 - 2:1

Голдар: Орал 18, 49 - Цоварас 57

Алаңнан қуылды: Пайруз 42



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер