Футзал

Шыңғыс Есенаманов: «Өзімді үлкен футболда байқап көргім келеді»

Шыңғыс Есенаманов: «Өзімді үлкен футболда байқап көргім келеді»
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан құрамасы мен «Қайраттың» ойыншысы Шыңғыс Есенаманов Prosports.kz сайтына эксклюзивті сұхбат берді.

– Шыңғыс, жаңа жылды қалай қарсы алдыңыз?

– Қарағандыда отбасыммен бірге болдым.

– Демалыстан кейін жаттығу жұмыстарына оралу қаншалықты қиын?

– Қиындау. Алғашқы жаттығуларда тер төгуге тура келді.

– Спорттық мансабынды үлкен футболда бастапсың...

– Иә, сегіз жасымда үлкен футбол секциясына жазылдым. Бір жас үлкен топта жаттықтым. Өзім кішкентай болған соң бапкер мені жарыстарға апармайтын. Сол арада мені футзалға шақыра бастады. Спорт кешен үйдің қасында орналасқан соң футзалға да қатыса бастадым. Кейін, футзалды таңдадым.

– Бұдан кейін үлкен футболға оралғыңыз келмеді ме?

– Әр жыл сайын мұндай ойлар болатын, бірақ футзал кестесі өте тығыз болуына байланысты басқа нәрсені ойлайтын уақыт жоқ. Ал негізі, осыдан бір-екі жыл бұрын Астанада әуесқой лигада футбол ойнағанмын.

– Былтырғы маусым сіз үшін қалай өрбіді? Ауыр жарақат алып, ұзақ уақыт бойы ойнамаған едіңіз.

– Былтырғы маусымның басты нәтижесі – ЕУРО-ның қола жүлдесі. Бұл турнирдің медалі үйімде тұр. Жарақат алғаныма қарамастан Сербияда өткен жарыс - ең қуанышты сәттерімнің бірі. Бұған қоса, әлем чемпионатында да жақсы ойын көрсеттік. Испания мен Аргентина құрамасынан ғана ұтылдық.

– «Қайрат» футзал клубының бұрынғы физиотерапевті Фелипе сізді емдеген болатын. Қазір ол «Қайрат» футбол командасында қызмет етіп жүр...

– Иә, ол өте мықты маман, төрт ай ішінде мені аяққа тұрғызды. Бастапқы да басқа дәрігерлер емделу үшін 6-7 ай қажет деген болатын.

– «Қайрат» футбол клубының базасында жаттықтың ба?

– Иә, Бруно Соареспен бірге жаттықтым.

ccebbc73b726d1f8ee7ffcdeb754f24d.jpg

– Алматылық ұжымның базасын көріп, «Қайратқа» ауысу ойыңыз болмады ма?

– Болды (күледі). Үлкен футболдың кейбір ойыншыларымен жаттықтым, аса айырмашылық байқамадым. Футбол алаңында ойнаған ұнады. Бірақ мені ешкім танымайды, шақырмайды да. Футзалды тастап, футболға кетемін дегенім емес. Алайда үлкен футболда өзімді байқап көргім келеді.

- Алдағы айда Қазақстан құрамасы ЕУРО-2018 іріктеу турнирінде бақ сынайды, ал «Қайрат» УЕФА кубогының Төрттік финалына дайындалады...

- Иә, келесі ай өте ауыр болмақ. Бұған қоса қарсыластарымыз мықты. ЕУРО-да енді бізге қарсы мұқият дайындалады. Негізі, аутсайдер ретінде ойнаған бізге ыңғайлы еді.

– Төрттік финалда «Спортингке» жалға берілген Леомен кездесуіңіз мүмкін.

– Мен үшін бұл үйреншікті жағдай, себебі «Тұлпарда» жүргенімде талай рет Леоға қарсы ойнағанмын.

– ЕУРО мен Әлем чемпионатында испаниялықтар бізді жарыс жолынан шығарды. Қалай ойлайсыз, бұл ойындарда не жетіспеді?

– Испания құрамасында шебер ойыншылар көп. Қазіргі таңда, екі команданың деңгейі шамалас деп ойлаймын. Испания екі матчта да жеңіске лайық болды. Бірақ оларға оңай болған жоқ. Колумбияда өткен кездесуде біз Испанияны жеңуге жақын болдық, өкінішке қарай өз мүмкіндіктерімізді жүзеге асыра алмадық.

– «Қайрат» сапында Бразилияда өткен клубтар арасындағы әлем чемпионатына және Ұлттық құрамамен бірге Колумбиядағы әлем біріншілігіне қатыстыңыз. Қай мемлекет саған көбірек ұнады?

– Бразилия - заманауи мемлекет. Колумбия кішкене ескі заманда қалып қалған сияқты, бірақ Медельин – өте әдемі қала. Жалпы Оңтүстік Американың Еуропадан айырмашылығы көп.

– Какау-Алесио бапкерлік жұбы туралы не айта аласыз?

– Какау жуас, әсершіл адам. Ал Алесио болса қатаң, мінезі бар кісі.

495561e8e29fe112af8f01b00f9aacb4.jpg

- Сіздің бұрынғы бапкеріңіз Әміржан Мұқанов Есенаманов пен Нұрғожин «Қайратта» өз ойынын көрсете алмай жүр деді. Келісесіз бе?

– Әміржан Абзалұлыны әкемдей сыйлаймын. Бұл оның пікірі, кейде ол тым қатаң сөйлейді. Ол біздің жиі ойнағанымызды қалайды, бірақ біз «Қайратқа» енді ауыстық. Көп жылдар бойы бір клубта ойнаған соң, бізге де қиын. Әміржан ағамыздың сөздерінде шыңдық бар, біздің төрттік қорғанысқа бейімделген. Бірақ онымен толық келісе алмаймын.

– Шетелдік клубтардан ұсыныстар болды ма? Өзге елде өнер көрсеткіңіз келмейді де?

– Ниетім бар, бірақ ұсыныстар түскен жоқ. Кезінде бір румыниялық команда шақырған мені, алайда ол кезде «Тұлпардың» намысын қорғап жүрдім. Болашақта Испания мен Италия чемпионатында ойнағым келеді.

– Қарағандыда туған соң жергілікті бірде-бір команданың ел чемпионатында жоқ болуы сізді өкінтеді ме?

– Әрине. Еліміз үлкен, климаттық жағдай әр жерде әртүрлі. Қарағандыда футзал жақсы дамыған, онда шағын футболдан командалар өте көп. Бірақ чемпионатта бірде-бір қарағандылық команда болмауы өте өкінішті жайт.

– Қарағандыда кәсіпқой футзал командасы ашылуы мүмкін бе?

– Соңғы рет барғанымда сұрадым, әлі ашыла қоймайтын сияқты. «Тұлпардың» мықты жастар командасы бар, ол облыс чемпионатында өнер көрсетіп жүр. Жалпы, бізде Қарағанды жоғарғы лигасында 12 клуб бақ сынайды, менің ойымша, олар Қазақстан чемпионатында да ойнай алар еді.

– Екі ұлыңыз бар екен, үлкені «Қайраттың» Академиясында жаттығып жүр деп естідік?

– Ол үлкен футбол ойнағысы келеді, бірақ қазір оған футзал ұнап жүр. Қазіргі таңда, оған футзалда техникасын арттырып алу дұрыс деп ойлаймын. Бразилияда балалар алдымен футзал, кейін футболмен айналасады екен. Маған ең бастысы, ұлдарым спортпен шұғылданса болды. Футзал немесе футбол, бұл маңызды емес.

– Футболдан Қазақстан құрамасы бірінші болып әлем чемпионатына шығады ма, әлде футзалдан Қазақстан құрамасы әлем біріншілігін жеңеді ме? Қалай ойлайсыз?

– Ешкімді ренжіткім келмейді. Қазақстан Премьер-лигасының деңгейі жақсы. Ұлттық құрамамызды әлем чемпионатынан көріп қалуымыз ғажап емес, бізде Әлем чемпионы атануымыз мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер