Футзал

Алесио - футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері

Алесио - футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері
news-banner7
mobile-news-top

48 жастағы бразилиялық маман Жозе Алесио Да Силва Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан футзал ассоциациясының баспасөз қызметі.

Какау құрамадан кеткеннен кейін бас бапкер қызметіне Жозе Алесио Да Силва тағайындалды. Осыған дейін Алесио Қазақстан құрамасы мен алматылық «Қайратта» бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған болатын. Алесио ұлттық құрамада екінші бапкер болып 2015 жылдан бері жұмыс істеді.

Жозе Алесио Да Силва ойыншы ретінде бразилиялық «Волторантин», «Интер Ульбра», «Васко да Гама», ресейлік «Спартак» (Мәскеу) және «ТТГ-Ява» (Югорск) клубтарында ойнаған. Содан кейін алматылық «Қайрат», Әзірбайжан құрамасы мен «Араз» командасының бас бапкері қызметінде болды. 2014 жылдың қазан айынан бастап «Қайратта» Какаудың көмекші қызметін атқаруда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер