Бокс

Батыр Жүкембаев: «Бұйырса, Қазақстанда бокс кешін өткіземін»

Батыр Жүкембаев: «Бұйырса, Қазақстанда бокс кешін өткіземін»
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев 29-шы қаңтар күні Канададағы Квебекте Давид Ранхельге қарсы жекпе-жек өткізеді. Боксшы prosports.kz сайтына сұхбат беріп, дайындығы туралы айтып өтті. Айта кеткен жөн, жерлесіміз осыған дейін жеті кездесу өткізіп, оның алтауын нокаутпен ұтқан.


Жақында жекпе-жекке шығасыз. Қарсыласыңыз да анықталды. Мексикалық боксшыны зерттеп үлгердіңіз бе?


- Иә, жақында бокс кешіне қатысамын. Осы аптадан бастап қарсыластың жекпе-жектер видеосын қарап, зерттеп жатырмыз.


Жаттығу қай жерде өтіп жатыр?


- Жаттығу өзім тұрып жатқан Монреальда өтіп жатыр. Канададағы Eye of the Tiger Manаgement промоутерлік компаниясымен жұмыс істейміз. Бапкерім Стефан Ларуш кездесуге дайындап жатыр. Ол осыған дейін көптеген әлем чемпиондарын шығарған маман. Жаттығу жақсы өтуде.


Әлем чемпионы атағы үшін қашан жұдырықтасасыз? Белгіленген жоспар ма?


- Әрине, жоспармен келеміз. Бәрі менің алдағы екі-үш жекпе-жегіме байланысты. Ешқайда асықпаймыз. Әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасу үшін дайын болуымыз керек. Тәжірейбе жинақтау үшін рейтингілік жекпе-жектерді көбірек өткізу керек. Белгілі бір кездесулерден кейін бәрі анық болады.


Жылдың соңында канадалық журнал сізді «Жыл проспекті» деп таныпты. Осы жайлы айтып өтсеңіз.


- Иә, канадалық «12 раунд» журналының осындай номинациясы маған бұйырды. 2016 жыл мен үшін сәтті өтті. Жақсы жекпе-жектер өткіздім. Нәтиже де жаман емес.


Қазақстанда бокс кешін ұйымдастыру жоспарда бар ма?


- Әрине. Болашақта сондай ниет бар. Өз елімізде бокс кешін ұйымдастырғымыз келеді. Ол уақыт та келіп жетеді, бұйырса.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер