Бокс

Букмекерлер Головкиннің жеңісіне тым сенімді

Букмекерлер Головкиннің жеңісіне тым сенімді
news-banner7
mobile-news-top

Букмекерлік кеңселердің қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэл Джейкобс жекпе-жегіне берген коэфициенттері өзгерді.

Букмекерлер қазақстандық боксшының жеңісіне өте сенімді – 1.11 коэффициент. Ал Дэнни ұтады деп бәс тігетіндерге 8 кф ұсынылған. Кездесудің тең аяқталуы – 35.

Бұған дейін Головкинге 1.32, ал Джейкобске 3.5 коэффициент берілген болатын. Демек, бәс тігушілердің басым бөлігі Геннадийдің жеңісіне қойған.

Айта кетейік, Головкин - Джейкобс кездесуі 18 наурыз күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл бокс кешін «Қазақстан» мен KazSport телеарналары көрсетеді. Головкиннің жекпе-жегі наурыздың 19-да Астана уақытымен сағат 08:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер