FooTBall Әлемі
Футбол

Еуропаның ТОП лигаларында жеңілмеген жалғыз команда - «Хоффенхайм»

Еуропаның ТОП лигаларында жеңілмеген жалғыз команда - «Хоффенхайм»
news-banner7
mobile-news-top

«Жаңа маусымнан бастап Еуропаның ТОП чемпионаттарында ешкімнен жеңілмеген команда қалды ма?» деген сұраққа жауабымыз бар.

Мадридтік «Реалдың» «Севильядан» жеңілуіне байланысты Еуропаның ТОП чемпионаттарында биыл жеңілмеген бір команда ғана қалды – бұл германиялық «Хоффенхайм». Юлиан Нагельсманның командасын Бундеслиганың бірінші жартысында ешкім ұта алмады. «Хоффенхайм» 16 турдың қорытындысы бойынша 28 ұпаймен бесінші орында келеді. Зинсхаймда орналасқан команда ел біріншігілінде 6 рет жеңіске жетіп, 10 рет тең тарқасты. Клубтың үздік бомбардирі - Сандро Вагнер. Германиялық шабуылшының еншісінде тоғыз гол.

Осылайша, «Хоффенхайм» Еуропаның ТОП чемпионаттарында жеңілмеген жалғыз команда атанды. Бұған дейін мұндай рекордты германиялық клуб пен мадридтік «Реал» бөліскен болатын. Бірақ Зиданның шәкірттері жақында ғана «Севильядан» жеңіліп қалды. Осылайша, «бланкостың» 40 матчқа дейін созылған жеңіліссіз сериясы тоқтатылды.

Еуропаның өзге лигаларында жеңілмеген тағы бір ұжым бар екен. Бұл Украина чемпионатының көшбасшы командасы - донецкілік «Шахтер».

9f4b70b9f005dcf95200c7c25098ea43.jpg

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер