Қазақстан және әлем спорты
Бокс

Батыр Жүкембаев пен Абылайхан Құсайыновтың қарсыластары анықталды

Батыр Жүкембаев пен Абылайхан Құсайыновтың қарсыластары анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (7-0, 6KO) пен Абылайхан Құсайынов (4-0, 3KO) өздерінің келесі жекпе-жектерін 28 қаңтар (Астана уақыты бойынша 29 қаңтар) күні Канаданың Квебек қаласында өткізеді. Абылай Құсайыновтың қарсыласы мексикалық боксшы – Оскар Мехия, ал Батыр Жүкембаевтің де қарсыласы мексикалық боксшы – Давид Ранхель. Жекпе-жек Монреаль қаласындағы Bell Centre аренасында өтеді. Залдың сыйымдылығы – 21 273 адам.

Абылайдың қарсыласы Оскар Мехия кәсіпқой бокстағы дебют кездесуін 2015 жылдың 20 ақпанында өткізіп, қарсыласын ұпай саны бойынша ұтқан. Ал, қазірше соңғы кездесуін 2016 жылдың 3 қыркүйегінде өткізіп, жеңіліске ұшыраған. Бүгінге дейін жалпы саны 10 кездесу өткізіп, 8 рет жеңіске жеткен, 1 рет жеңілген. 1 рет қарсыласымен тең түскен. 3 қарсыласын нокаутпен ұтқан. Рейтинг бойынша 626 орынға жайғасқан.

Абылайхан Құсайынов бүгінге дейін 4 кездесу өткізіп, 3 кездесуінде қарсыластарын мерзімінен бұрын ұтқан. Қазірше рейтингте 418 орында келе жатыр. Абылайхан Құсайынов - Оскар Мехия жекпе-жегі 6 раундқа жоспарланған.

Абылай соңғы жекпе-жегін 17 желтоқсан күні мексикалық Хесус Переске қарсы өткізіп, ұпай саны бойынша қарсыласынан басым түсті.

Ал, Батырдың қарсыласы Давид Ранхель 1993 жылы туған. Кәсіпқой бокстағы дебют кездесуін 2012 жылдың 11 тамызында өткізіп, техникалық нокаутпен ұтқан. Ал, қазірше соңғы кездесуін 2016 жылдың 16 шілдесінде өткізіп, ұпай саны бойынша жеңіске жеткен. Бүгінге дейін жалпы саны 16 кездесу өткізіп, 12 рет жеңіске жеткен, 4 рет жеңілген. 8 қарсыласын нокаутпен ұтса, 2 қарсыласынан нокаутпен ұтылған. Рейтинг бойынша 310 орынға жайғасқан.

Батыр Жүкембаев бүгінге дейін жеті кездесу өткізіп, алты кездесуінде қарсыластарын мерзімінен бұрын ұтқан. Қазірше рейтингте 114 орында келе жатыр. Батыр Жүкембаев - Давид Ранхель жекпе-жегі 8 раундқа жоспарланған.

Батыр соңғы жекпе-жегін 17 желтоқсан күні мексикалық Мануел Марезге қарсы өткізіп, ұпай саны бойынша қарсыласынан басым түсті.

Айта кетейік, жекпе-жек Steven Butler (18-1, 15 КО) мен Brandon Cook (17-0, 10 КО) андеркартында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер