Болжам бұрыш
Футбол

"Челси" бәсекелестерден оза ала ма?

"Челси" бәсекелестерден оза ала ма?
news-banner7
mobile-news-top

Тоттенхэм - Вест Бромвич

Ағылшын премьер-лигасының лидерлерінің бірі "Тоттенхэм" өз алаңында ешкімді аямайды. Тіпті, фаворит деген "Челсидің өзін жеңді. Демек бұл ойында да Почеттино шәкірттері жеңісті тіркейді деген сөз. Ж1 - 1.32.

Вест Хэм - Кристал Пэлас

Славен Билич өте сауатты бапкер. Жартылай қорғанысты қатты күшейтіп жіберген. Пайе бастаған орталықтағылар Кэррол мен Антониоларға доп жеткізумен айналысады. Дегенмен, бапкері ауысқан "Кристалл" да оңай емес. Гол соғудың хас шеберлері. Әсіресе, Кристиан Бентеке. Оған жарты мүмкіндік болса болды. Сондықтан да, бүгінгі болжамымыз - Екеуі де соғады: иә - 1.7.

Суонси Сити - Арсенал

Өз алаңында көп шабуылдайтын "Суонси" бір доп соғатын шығар. "Арсенал" секілді қарсылас келіп тұрғанда олар өздерін қоярға жер таппай шабуылдайды. Демек бұл матчта да - Екеуі де соғады: иә - 1.71.

Лестер - Челси

"Тоттенхэмнен" ұтылған соң Антонио Конте шәкірттері қайта жеңіске жетуі тиіс. Олардың басты мақсаты биыл чемпион болу. Осы ойында ұпай жоғалтса, онда өкше басып келе жатқан төрттік дендеп жетіп алуы мүмкін. Биыл сүреңсіз ойнап жүрген "Лестер" "көктерге" қауқар көрсете алмас. Демек - Ж2 - 1.63.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер