Болжам бұрыш
Футбол

Шықпай жатып шаттанба!

Шықпай жатып шаттанба!
news-banner7
mobile-news-top

Ғани деген досым бар. Жерлесім. Өзі сұмдық бір футболды ұқпаса да, аракідік "ставка" қойып, ұтып жүреді. Кешке қарай ауық-ауық кездесіп, емен жарқын сыралатып отырып әңгіме жіберетініміз бар. Сондай бір мамыражай кеште бір сырды ағытты, досым. "Ставка" қойыпты. 15 коэфиценттік экспресс. Бәрі шығып, соңында біреу ғана қалған. Кәдімгі өзіме де таныс, классикалық оқиға ғой енді. Саптыаяқты ұзақ көтеріп, сыраны бір сілтеген Ғани сондай бір жиіркенішпен "Реал" деп столды бір қойып қалды. Жан-жағымызда адам көп емес екен, үндемедім. Өзі бір шағын сырахана еді.

- Әй, Ереке, сондағысы "Реал" бұрыштамалар 4,5 көп деген бәс қой. Бірінші тайм басталды. Үйде диванда шалқайып жатып, ойыннан ләзат алдым. "Реал" керемет шабуылдап, 2 доп соқты. Арасында бұрыштамалар көтеріп жатыр. Ризамын. Жалпы "ставкам" шықса 150 мың ұтқалы тұрмын.

- Енді бірінші тайм біткенше көтеріп тастаған шығар 4,5 бұрыштаманы.

- Міне, сол ғой - деп әңгімесін одан әрі жалғады досым. - 4 бұрыштама көтерді алғашқы таймда. Болды. "Ставкам" шыққанын тойлатайын деп, мұздатқышты ашып, салқын бір "Жатецкий қаздың" біреуін бауыздап салдым. Көңілім көтеріліп, комментатордың айтқан әзілдеріне қарқ та қарқ күліп жатырмын. Бір бұрыштама көтерілгеннен кейін, жайлап киініп кеңсе жаққа барып қайтсам ба, жоқ ойынды соңына дейін бітіріп барайын ба деген жоспарым бар.

- Енді бұл оқиғаны маған несіне айтып отырсаң, айналайын - деп қолымдағы құртты бір тістедім.

- Қызықтың көкесі енді болды, Ереке. Әлемдегі ең мықты шабуылшыларды жинаған сорлы "Реал" 1 бұрыштама көтере алмай кетті ғой.

- Қой ей! Аузыма енді апара берген сырамды ішпестен жерге қойдым. Тамағыма бірдеңе тірелді. Не айтарымды білмей сасып қалдым. Ол қалайша? 45 минутта "Реал" 1 бұрыштама көтермеді ме сонда? Мүмкін емес. Осы ойымды сәл үнсіздіктен кейін Ғани досым да ақтарып салды. Арасында бұл жерге жаза алмайтын сөздер де естілгені рас.

Әңгіменің түйіні, досымның сол кезде "Реал" бұрыштамалар 4,5 кем деп бәс тігетін ақшасы болмапты. Міне, қызық. Осылайша, 100 пайыз сенімді жатқан сабазымыз 150 мың теңгеден айырылыпты. Спорт деген осындай қатыгездігімен де ерекшеленеді. Бұл әңгімеден ғибрат алсаңыз да, күліп бір эмоцияңызды шығарсаңыз да, бір қағиданы еске алыңыз. Қойған бәсіңіз 100 пайыз шықпай жатып шаттанбаңыз!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер