Абылайхан Құсайынов «Жыл нокауты» сыйлығын алды
Қазақстандық кәсіпқой боксшылар канадалық «12 раунд» журналының номинацияларында жеңімпаз атанды.
«Жыл нокауты» сыйлығын Абылайхан Құсайынов жеңіп алды. 25 жастағы Құсайынов канадалық Родси Винсентпен кездесу өткізіп, үшінші раундта қарсыласын ауыр нокаутқа түсірген болатын. Бұл қазақстандықтың кәсіпқой рингтегі екінші жеңісі еді.
Сонымен қатар, тағы бір қазақстандық Батыр Жүкембаев «Жыл жаңалығы» сыйлығын алды.
«Ол соңғы 7 кездесудің алтауын нокаутпен аяқтаған. Талантты қазақстандықтың 2017 жылы өткізетін жекпе-жектерін асыға күтеміз», - деп жазады аталмыш басылым.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или