Күрес

Қуат Хамитов: «Ронда енді жекпе-жекке оралмайды»

Қуат Хамитов: «Ронда енді жекпе-жекке оралмайды»
news-banner7
mobile-news-top

Қуат «Найман» Хамитов prosports.kz тілшісіне Ронда Роузидың жеңілісі жайлы пікір білдірді.

«Мен Ронданың жеңілетінін алдын-ала білгенмін. Ондай нокауттан кейін, бір жыл жекпе-жекке шықпағаннан кейін қайта қалпына келу қиынға соғады. Менің ойымша, ол өз мансабын «жерледі». Роузи асықпай бастауы тиіс болған. Оған жеңіл жекпе-жек керек еді. Бұл оның соңы. Ол енді жекпе-жекке орала алмайды деп есептеймін. Неге десеңіз, жеңілген спортшы бірден қарымта жекпе-жек сұрайды. Жеңілген спортшы бір жылға жоғалып кетпейді. Ол бірінші жеңілісінен кейін бірден «сынып» қалды. Егер спортта ұзақ уақыт қалғың келсе, қиын жағайда орныңнан тұра алуың тиіс», - деді Қуат Хамитов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер