Күрес

Фируза Шарипова Роузидың спарринг-серіктесі болуы мүмкін

Фируза Шарипова Роузидың спарринг-серіктесі болуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова америкалық ММА спортшысы Ронда Роузидің спарринг-серіктесі атануы мүмкін. Бұл туралы Allfight.ru басылымына танымал промоутер Эл Хэймонның бірінші агенті Алекс Вайсфельд хабарлады.

«Мен де, Эл Хэймон да Фирузаны Америкада көргіміз келеді. Ол осы жерде Бадди Макгиртпен жұмыс істей алатын еді. Өздеріңіз білетіндей, Бадди Артуро Гатти мен Майк Тайсонды баптаған маман. Сонымен қатар, Фируза Ронда Роузидың спарринг-серіктесі бола алатын еді. Себебі, ол бокс техникасы жағынан әлсіздеу. Фируза оған септігін тигізе алады», - деді Алекс Вайсфельд.

Естеріңізге сала кетейін, Ронда Роузи бразилиялық Аманда Нуньестен ұтылып қалған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер