Күрес

МакГрегор мен Хабиб 2017 жылы жұдырықтасуы мүмкін - UFC президенті

 МакГрегор мен Хабиб 2017 жылы жұдырықтасуы мүмкін - UFC президенті
news-banner7
mobile-news-top

Ирландиялық спортшы Конор МакГрегор Хабиб Нурмагомедовпен келесі жылы жекпе-жекке шығуы мүмкін. UFC президенті Дэйна Уайт осылай деп мәлімдеді.

"Қазір біз Ресейге көз тігіп отырмыз. Ол жақта дарынды спортшылар көп. Арасындағы ең танымалы Хабиб Нурмагомедов. Мүмкін, Конордың келесі қарсыласы Хабиб болатын шығар", - деді UFC жетекшісі.

Айта кетейік, ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов кәсіби мансабында 24 жекпе-жек өткізіп әлі жеңіліп көрмеген. Ал, Конор МакГрегордың келесі кездесуі мамыр айында өтеді деп жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер