Күрес

Қуат Хамитов «Ахмат» клубы табыстаған сыйақыны соғыс ардагерлеріне берді

Қуат Хамитов «Ахмат» клубы табыстаған сыйақыны соғыс ардагерлеріне берді
news-banner7
mobile-news-top

Павлодар облысындағы «Ахмат» кәсіпқой спорт клубы Қуат Хамитовқа сыйақы берді, деп жазады клубтың «ВКонтактедегі» ресми парақшасы.

«Fight Nights турнирында жұдырықтасқан Қуат Хамитовтың жекпе-жегін екі апта бойы қайталап көрудемін. Әсіресе кездесуден кейін қолына микрофон алып, ұлттық әуенді орындап, туымызды сүйген жері әсерлі. Қуат өзін ақыл тоқтатқан, үлкен азамат ретінде көрсетті. Қазір ол нағыз батыр. Жастарға үлгі боларлық азамат. Мен кәсіпкер болсам, дәл қазір Астанадан екі бөлмелі пәтер сыйға тартар едім. Ал, «Ахмат» клубы өзіміздің қорымыздан 100.000 теңге табыстамақпыз. Бұл аз сома болғанымен, оған жақсы көңіл-күй сылары анық», – деді клубтың басшысы Сұлтан Ичиев.

«Бүгін алғаш рет қазақстандықтардан сыйлық алдым. Алғысым шексіз. Мен бұл сыйлықты басқа жеңімпаздарға бергім келеді. Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің қорына табыстаймын. Жеңімпаздар шетте қалмауы тиіс!», – деді Қуат Хамитов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер