Күрес

Найман: «UFC өкілдері менің жекпе-жегімді көру үшін келген шығар»

Найман: «UFC өкілдері менің жекпе-жегімді көру үшін келген шығар»
news-banner7
mobile-news-top

Танымал қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов FIGHT NIGHTS GLOBAL промоушені аясында жеңіске жетті.

– Менің соңғы жекпе-жегім FIGHT NIGHTS GLOBAL аясында өтті. Бұл ММА-дегі үздік промоушендердің бірі, - деді Хамитов Prosports порталына берген сұхбатында. – Олар маған эксклюзивті келісім шарт ұсынды. Келісімге сай, мен Қытайдағы WBK чемпиондық атақтарымды қорғай аламын. Айта кету керек, бұл ұйым кез-келген спортшымен осындай келісім шарт жасаспайды.

Сыйақыға келер болсақ, UFC-ден аз емес. Жалпы, Bellator немесе басқа ұйымдарға қарағанда қолайлы жағдай жасалған.

Жекпе-жек жайлы айтсақ: Гаджи Рабаданов өткен жылы әлем чемпионы атанды. Самбо мен греплингтен және ММА бойынша Ресей чемпионы. Менің жекпе-жектегі артықшылығым ба? Менің ойымша, тәжірейбе мен күрес техникасы менің артықшылығым болды. Ауырту әдісін қолдануда ол менен мықтырақ болды. Жерде жатқан кезде де шабуыл жасап үлгерді. Шынымды айтсам, жекпе-жек менің пайдама шешілмеуі мүмкін еді.

Жалпы, соққы жасау мен күрес техникасында мен аз болса да мықтырақ болдым және менің тәжірейбем маған жеңіс сыйлады. Жапония, Лондон, Қытай, Индия, Таиланд, Сингапурда жұдырықтастым. Әртүрлі мектеп көрдім. Ресейлік мамандар да осы жайлы айтқан болатын.

Гаджи Рабаданов – мықты, болашағынан үміт күттіретін спортшы. Ол әлі ММА спортындағы басты жеңістеріне жетеді. Мен шығып жүрген деңгейде әлсіз спортшылар жоқ. Дагестандық спортшыны құрметтеймін. Оған дейін екі спортшы менімен жекпе-жек өткізуден бас тартқан болатын.

– Жекпе-жектен кейін ана тіліңізде ән айттыңыз. Бұл сол жерде қабылданған шешім бе?

– Жекпе-жектің 16-шы желтоқсан, еліміздің Тәуелсіздік күнінде, өтетінін білген кезде қандай спортшы қарсылас атанса да жеңіске жетуге тиіс деп шештім. Мен жеңісімді еліме тарту етуге міндетті едім. Бұл ән менің ел туралы, жер туралы айтылған әндердің ішіндегі жаныма жақыны.

– Сіз жақсы кздесу өткіздіңіз. FIGHT NIGHTS GLOBAL басшылығылының көңілі толды ма?

– Олар мені жеңісіммен құттықтады. Алдағы уақытта да жарқын өнер көрсетуімді тіледі. Турнир жоғары деңгейде өтті және ММА мамандарының қызығушылығын танытты. Келесі жекпе-жегім ақпан немесе наурыз айында өтеді.

– Қуат, FIGHT NIGHTS GLOBAL аясында өткен жекпе-жектердің Alash Pride немесе WBK жарыстарынан айырмашылығы бар ма?

– Мен үшін қандай ұйымның аясында жекпе-жек өткізгенім маңызды емес. Бастысы жарқын өнер көрсетіп, жеңіске жету. Әрине, өз еліңде жұдырықтасқан оңайырақ. Өзге елде моральды тұрғыда қиынға соғады. FIGHT NIGHTS GLOBAL мен WBK арасында айтарлықтай айырмашылық байқамадым. Тек ТМД-да жанкүйерлер қытайлықтарға қарағанда жанкешті болады.

– Сіздің мақсатыңыз – UFC ұйымымен келісім шарт жасасу. Мәскеуге осы ұйымның өкілдері келді. Сіз олармен хабарласып тұрасыз ба?

– Мен UFC өкілдерімен алдын-ала сөйлескен болатынмын. Менің Қытайдағы үздік спортшы екенімді білген кезде олар менімен келісім шартқа отырғысы келді. Бірақ, UFC ұйымының акционерлері ауысты. Сондықтан бұл істі кейінге қалдыруымыз керек болды. UFC скауттары ірі турнирларға келеді. Олар мықты спортшыларды өз назарына алады. Бір-екі жыл оның жекпе-жектерін қарайды. Кейін келісім шарт ұсынады. Мүмкін, Мәсеуде де UFC өкіледері менің жекпе-жегімді қараған болар.

FIGHT NIGHTS GLOBAL 57 нәтижелері

+93 келі – Гран-при жартылай финалы. Магомедбаг Агаев (Ресей) – Кирилл Сидельников (Ресей). Сидельников төрешілердің шешімімен жеңіске жетті

77.1 келі – Николай Алексахин (Ресей) – Сайгид Изагахмаев (Ресей). Изагахмаев төрешілердің шешімімен жеңіске жетті

70.3 келі – Гаджи Рабаданов (Ресей) – Қуат Хамитов (Қазақстан). Хамитов 3-ші раунда тұншықтыру әдісін қолданып жеңіске жетті

77.1 келі – Алексей Иванов (Ресей) – Геннадий Ковалев (Ресей). Ковалев1-ші раундта тұншықтыру әдісін қолданып жеңіске жетті

93.0 келі – Денис Семенов (Ресей) – Абдул-Хамид Давлятов (Тәжікстан). Давлятов 1-ші раундта жеңіске жетті

88 келі – Абусупиян Алиханов (Ресей) – Рустам Абдурапов (Ресей). Алиханов 1-ші раундта жеңіске жетті

61.2 келі – Гран-при жартылай финалы. Никита Чистяков (Ресей) – Жұман Жұмабеков (Қазақстан). Чистяков 1-ші раундта ауырту әдісін қолданып жеңіске жетті

93.0 келі – Дмитрий Минаков (Ресей) – Мықтыбек Мамасалиев (Қырғызстан). Минаков 1-ші раундта ауырту әдісін қолданып жеңіске жетті

61.2 келі – Омар Нурмагомедов (Ресей) – Ришат Харисов (Ресей). Нурмагомедов 2-ші раундта ауырту әдісін қолданып жеңіске жетті

77.1 келі – Максим Буторин (Ресей) – Анвар Чергесов (Ресей). Буторин төрешілердің шешімімен жеңіск жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер