Спорт жанкүйерлері
Басқа

Әлемді таңғалдырған шорт-трекшілер

Әлемді таңғалдырған шорт-трекшілер
news-banner7
mobile-news-top

Жаңа маусым басталысымен-ақ шорт-трекшілеріміз айды асапанға бірақ шығарды. Қазір біздің спортшыларымызды құрметтеп қана қоймай, осы спорттағы алпауыт державалар мықты қарсылас ретінде санай бастады. Әлем кубогындағы төрт кезеңде жеткен жетістіктіктерімізді саралап өтсек.

Бәрі Абзал Әжіғалиевтің Америкадағы жеңісінен басталды. Бұл жігіт осыған дейін де өзінің жоғарғы деңгейлі спортшы екенін дәлелдеп жүргенін айта кетуіміз керек. Сондықтан бұл жеңісті кездейсоқтыққа жазуға болмайды. Канаданың Калгари қаласында өткен алғашқы кезеңде Абзал финалға дейінгі қарсыластарының бәрінен оқ бойы озып, тек соңғы жарыста қателікке бой алдырған болатын. Дегенмен, Америкадағы жеңісінен кейін, ол әлемдік рейтингіде көш бастады.

dba50075e330d0afbd5b28a5e2bb09cc.jpg

Екінші кезеңнен кейін араға бір жарыс салып шорт-трекшілеріміз тағы бір қуантты. Нұрберген Жұмағазиев 1000 метр қашықтыққа жүгіру бойынша алдына жан салмады. Кореяның Каннын қаласында өткен кезеңде ол іріктеуде өз тобында бірінші орын алып, жалпы есепте тоғызыншы орынмен келесі кезеңге өткен болатын. Финалда екі канадалық және үш бірдей кореялықты шаң қаптырып, туымызды желбіретті.

d26acf604e162b35cef685034620d9fb.jpg

Дәл осы Каннында өткен кезеңде Денис Никишаның да қанжығасы майланды. 500 метрге жүгіруден Никиша екінші орын алды. Күміс жүлдегер тек алдына қытайлық Дацзиньге ғана жол берген. Ол осыған дейінгі үш кезеңде де осы қашықтықта жақсы қырынан көрінген болатын. Бір кезеңде финалға дейін жеткенін айта кетуіміз керек. Осы жолы ол В. Ан секілді мықты спортшылардың алдын орап кетті.

85920ed8557427923ed79eecbd01cccc.jpg

Сонымен қатар, Каннында Мерсаид Жақсыбаев 1000 метр қашықтыққа жүгіру бойынша өз тобында екінші келіп, жартылай финалда сайысқа түскен. Оның жалпы есептегі көрсеткіші 11-ші орынды құрады. Ал эстафета бойынша құрама жігіттері финалға жолдама алған болатын.

Бірнеше кезең бойы сенсация жасап келе жатқан шорт-трекшілеріміздің болашағы бар екеніне сене беруге болатын сияқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер