Болжам бұрыш
Футбол

Тартысты уик-энд

Тартысты уик-энд
news-banner7
mobile-news-top

Жеке парақшамызға хабарласып, тағы да болжамдарыңыз қашан шығады деп хабарласушылар көбеюде. Бұл біздің еңбегіміздің жемісі. Нақтырақ айтсақ, берген болжамдарымыздың дәл шығу пайыздық көрсеткіші өте жоғары. Осы жолы бізді қандай қызықты ойындар күтіп тұрғанына тоқталып өтсек. Сонымен:

Ағылшын премьер-лигасының бір туры осы аптаның ортасында болып өтті. Футболшылар шаршаңқы күйде. Ал "Сток Сити" командасы сол ойында маңызды бір футболшысынан айырылды. Дегенмен, "Саутгемптонмен" өз алаңында 0-0 тең ойынды сақтап қалды. Осы турда олар "Лестермен" кездеседі. Біздің ойымызша Англия чемпионы сырттағы матчта жеңілмейді. Демек, х2 деген бәсті алып көрсек болатындай. Оның үстіне Марез бен Варди қазір спорттық бабында.

Сонымен қатар, алдынан кезіккенді жапырып жеңіп жатқан "Тоттэнхем" де оңай емес. Олар өз алаңында "Бэрнлиге" кем дегенде 2 гол соғады. Сондықтан да, "Тоттенхэм" 1,5 тоталдан көп дегенді көрейік. Кейн мен Эриксон мүмкіндік болса, голға айналдырар.

Айтпақшы, арамызда статистикаға да бәс тіккештер бар ғой. Оларға да бір жақсы бәс көріп тұрған секілдіміз. Мысалы "Мидлсбро" мен "Суонси" бұрыштама көтерудің хас шеберлері. Олар бүкіл ойын бойы 9,5 тоталды шығаратын секілді.

Германия бундеслигасында бұл апта таза деңгейлестердің туры болып тұр. Десе де, өз алаңында ешкімді аямайтын "Майнц" "Гамбургке" 2 гол соғады деп отырмыз. Әйтсе де, "Майнц" жеке тоталы 1-ден көп деп ала салдық.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер