Велоспорт

Жарты жыл комада жатқан спортшы есін жиды

Жарты жыл комада жатқан спортшы есін жиды
news-banner7
mobile-news-top

Мамыр айында «Бельгия туры» көпкүндігінде апатқа ұшыраған Стиг Брукс есін жиды.

«Р-Спорт» ақпаратына сүйенсек, Lotto Soudal командасында өнер көрсететін Брукс 28 мамырда 19 шабандозбен бірге апатқа ұшыраған еді. Медициналық тексерістен соң, оның миына қан құйылып, көз шарасының сүйектері сынғаны анықталды. Бүгінге дейін 26 жастағы спортшы комада жатқан болатын.

«Өздігінен жұтуды үйреніп жүр, алғаш рет бірнеше қарапайым сөздерді де айтты. Ол комадан шықты және кей бұлшық ет күштерін қайтарып алды», - дейді клуб дәрігері Серваас Бинге.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер