Футбол

«БАҚ лига» бастау алды. «Жетісуда» 3 ұпай

«БАҚ лига» бастау алды. «Жетісуда» 3 ұпай
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда журналистер арасындағы «БАҚ Лига» чемпионаты басталды. Астана қаласындағы алғашқы ойындар жетоқсанның 11-де өтеді.

Елордамыздағы біріншілікке 11 командасы қатысса, Алматыда 9 команда өзара кім мықтыны анықтауға кірісті.

Ұйымдастырушылар матч алдында ресми түрде ашылу салтанатын өткізді. Оған есімдері елге танымал журналистер келіп, игі тілектерін жеткізді. «BAQ league»-нің логотипі бейнеленген тәтті торт кесіліп, қатысушыларға үлестірілді.

e6416b544bde561e6d949e76861547a6.jpg

Талдықорғаннан арнайы ат арытып келген «Жетісу» мен «Қазақстан» командасы жарыстың шымылдығын ашты. Бірінші таймда екі гол соғып бір доп жіберген «Жетісу» мықтылығын аңғартты. Алайда, екінші кезең басталған сәтте «қазақстандық» Ержан Мадьяров таразы басын теңестірді - 2:2. Артынша «Жетісу» 3 голмен алға шығып ойын тағдырын шешкендей. Соңғы минутта намысқа тырысқан көк жейделілер Әнуар Бектеннің арқасында бір гол қайтары. Қорытынды есеп 5:3. «Жетісу» көш бастады!

fdb399d9b1eb643bd467d155de602379.jpg

11 желтоқсанда үш ойын өтеді.

13.00 «Қаламгер» — «Effective Media»

13.40 «Алматы» - «СДУ» (Сүлейман Демирел университеті)

14.20 «Нұрлы гол» — «Болашақ»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер