Футбол

Аргентинада полиция қызметкері байқамай футболшының басынан атып жіберген

news-banner7
mobile-news-top

Оқиға Аргентинаның екінші дивизионындағы матчта болған, деп жазады «Чемпионат».

Полиция қызметкері байқамай «Альмагро» клубының футболшысы Франко Киросаны атып жіберген. Бұл жағдай жанкүйерлерді сабасына келтіру кезінде болғаны белгілі болды.

«Альмагро» мен «Атлетико Парана» арасындағы матчта жанкүйерлер төбелес бастаған. Полиция қызметкерлері жанкүйерлерге резеңке оқ атып, тыныштандырмақ болған. Оқтың бірі 26 жастағы Киростың басына тиген.

Футболшы емханаға жеткізіліп, тексеріс барысында оның өміріне қауіп төнбейтіні анықталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер