Футбол

БАҚ: «Бабаян ұлттық құрама тізгінін ұстауы мүмкін»

БАҚ: «Бабаян ұлттық құрама тізгінін ұстауы мүмкін»
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне «Астананың» бапкері Станимир Стоиловтың көмекшісі Григорий Бабаян келуі мүмкін, деп жазады KazFootball.kz.

Порталдың берген ақпаратына сүйенсек, Бабаян ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне келуі мүмкін. ҚФФ бас хатшысы Қаныш Әубәкіровтың қазіргі бас бапкер Талғат Байсуфиновтың ұлттық құрамадан кетпейтінін айтқанына қарамастан, маманның қызмет орнын босатуы мүмкін және Бабаян сол орынға басты үміткер ретінде қаралуда.

«Жанкүйерлер Бабаянның ұлттық құрамаға келуіне әртүрлі көзқарас білдіруі мүмкін. Бірақ, ол қазіргі күні бас бапкер қызметіне лайықты мамандардың бірі. Бабаян бірнеше тілді меңгерген және маманда еуропалық бапкерлердің менаталитеті бар. Клубтық және құрама деңгейінде шетелдік мамандармен жұмыс істеді. Сонымен қатар, клубта бас бапкердің қыметін орындаушы болған кезінде «Астана» құрдымға кетпеді және біраз уақыт чемпионаттың көшін бастаған болатын», - деп жазады портал.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер