Басқа

Румын спортшысы барлық сыйақысынан айырылды, медалін Ұлановқа беруі тиіс

news-banner7
mobile-news-top

Лозанадағы Спорттық арбитраж соты (CAS) румын зілтеміршісі Габриэль Синкраянды Олимпиаданың қола жүлдегері атағынан айыру туралы шешім шығарды. Енді, оның медалі төртінші орын алған қазақстандық атлет Денис Ұлановқа табысталуы тиіс.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, жақын арада Халықаралық Олимпиада комитеті Синкраянның дисквалификациясы бойынша тиісті шешім шығарып, қола медальді Ұлановқа тапсыруға нұсқау беруі керек. Ал румын зілтеміршісін өмір бақи спорттан шеттетуі әбден мүмкін. Себебі осымен ол екінші рет допинг дауына ілігіп отыр. Өз елінде Г.Синкраяннан қола медаль үшін алған барлық сыйақыны алып қойды. Оны Олимпиада жүлдегерлеріне құрмет көрсету шарасына да шақырған жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін ҚазАқпарат тілшісіне сұxбат берген Д.Ұланов қола медалін ала алмай жүргені жайында айтқан. «Енді, қазір румын (Габриэль Синкраян - авт.) соттасып жатыр. Сондықтан өз медалімді әлі алған жоқпын", - деді ол.

Рио-де-Жанейрода өткен биылғы Олимпиада ойындары кезінде 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде румындық зілтемірші жалпы есеп бойынша 390 келі көтеріп, үшінші орын алған болатын. Денис Ұланов барлық мүмкіндіктерін тура сондай көрсеткішпен аяқтаған еді. Алайда өз салмағы ауыр болғаннан кейін төртінші орынды қанағат тұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер