Футбол

Еурокубоктарда қанша ұпай жинадық?

Еурокубоктарда қанша ұпай жинадық?
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық клубтар кеше түнде Еурокубок ойындарын аяқтады. Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен елордалық "Астана" "Янг Бойзға" 3-0 жеңіліп, 5 ұпаймен турнирлік кестенің түбінен орын алды. Ал жалпы, Станимир Стойлов шәкірттері биылғы маусымды жаман өткізді дей алмаймыз. Алға жылжу, ілгерілеу сәл де болса сезіледі. Біздің клубтарымыз былай қарасаңыздар, жыл сайын топтық кезеңдерде ойнайтынды әдет қыла бастады. Енді олардың қатарын көбейтуіміз керек. Олай деп сөйлеуімізге салыстырмалы теория себеп. Қасымыздағы Әзірбайжаннан қай жеріміз кем? "Габала" мен "Карабах" та ойнап жүр ғой. Қарт Каспийдің ар жағындағы көршілеріміздің 2 клубы бір мезетте топтық кезеңде жүр. Бұл дамудың алғашқы белгілері болса керек. Демек, бізге де ұмтылатын белес көп.

Енді мына фотоға көз жүгіртсек. Мұнда Қазақстанның клубтарының биылғы маусымдағы көрсеткен өнері, ойындар саны, жеңістері, жеңілістері, және тең түскен матчтарының сандары. Сонымен қатар, жалпылама Қазақстан қоржынына түскен ұпайды да тамашалай аласыздар.

a83965cab7253e86c56693f7d1eb8d75.jpg

Сонымен, біз әзірге 27-орындамыз. Оның өзі осы "Астананың" арқасы. Жаман болсын, жақсы болсын, әйтеуір Қазақстанға ұпай салып тұрған осы команда. Келер маусымда бұл ұпай саны көбеюі тиіс . Жалпы, жақын арадағы мақсатымыз - Еуропадағы 15 мемлекеттің қатарына енуіміз керек. Сонда біздің клубтық футболымыздың да әжептеуір деңгейге көтерілгенін көре алар едік.

Сонымен 2016/2017 жылғы еуромаусымда қазақстандық клубтар 2,750 ұпай жинап, жалпы сомасы 11 ұпайға кенелді. Сербияның осы қазіргі ұпай 11,5, ал бізден төмен тұрған Швецияда 11 ұпай. Олардың да бізді өкшелеп келе жатқан жайы бар. Келер маусымда біз алматылық "Қайратқа" сенім артамыз. Еуропа лигасында өнер көрсететін алматылық ұжым "Астананы" жалғыз қалдырмас деп білеміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер