Футбол

«Боруссия» рекорд жаңартты

news-banner7
mobile-news-top

Чемпиондар лигасының тарихында тағы бір рекорд жаңарды. Қадірменді "Проспортс.кз" сайтының оқырмандары, біз сіздерге осының алдында айтқанымыздай топтық кезеңде ең көп гол соққан 3 команда бар еді. Олар "МЮ", "Бавария", "Барселона". Олар бір топтық кезең барысында 20 доптан соқты. Ал "Боруссия" Дортмунд командасы кеше "Реал" Мадрид қақпасына соңғы минутта гол соғып, есепті 2:2 қылды. Голдың авторы Марко Ройс өз командасының биылғы лигадағы 21-голын салды. Сонымен, Чемпиондар лигасының тарихында топтық кезеңде ең көп гол соққан ұжым - Дортмундтық "Боруссия".

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер