Болжам бұрыш
Футбол

Гол соғатындар тізбегі

Гол соғатындар тізбегі
news-banner7
mobile-news-top

Коняспор - Гент

Түріктер бұл матчта тек жергілікті жанкүйер үшін ойнайтыны анық. Себебі, олардың қазір 4-орыннан көтерілетін шамалары жоқ. Ал Генттің ойы басқада. Сыртта жеңіске жетсе, "Браганы" айналып өтуге болады. Өйткені, екінші орында тұрған "Брага" өз алаңында "Шахтермен" кездеседі. Украиналық клуб 15 ұпаймен турнирлік кестенің лидері. Демек, осы топтағы екі ойынның маңызы екінші орында борлып тұр. Демек, "Гент" те, "Брага" да бір-бір голдан кем дегенде соғулары тиіс.

Одан кейін тізімді жалғастыра жүрсек. Гол соққыштар қатарында "Майнц" командасы бар. Оның да әр матч сайын кем дегенде бір гол соғу әдеті ғой. Демек, оны да ала кеткеніміз дұрыс. Тіпті, кейде немістерге 1,5 тотал көп деп те алғымыз келеді. Ендігі кезек "Вильяреалда". Испандар өз алаңында "Стуаны" жеңбесе жағдайлары қиын. Седрик Бакамбью секілді шабуылшысы бар "сүңгуір қайық" өз алаңында гол соғатыны 90 пайыз.

"Д" тобындағы жағдайға тоқталсақ. 15 ұпайы бар "Зенит" осы турда "АЗ" командасына қонаққа барады. Голландиялықтар өз алаңында гол соғуы тиіс. Тіпті, жеңіске жете ме деген де болжамымыз бар. Оған аса қатты тәуекелденбей алаң иелері гол соғады дегенді ала салғанымыз жөн. Сонымен қатар, осы топтағы екінші орынға таласып тұрған тағы 2 команда бар. "Маккаби" мен "Дундолк" бұл жолы өзара кездесу өткізеді. Матч Израиль жерінде өткендіктен фаворит алаң иелері екені анық. Сондықтан да "Маккаби" гол соғады дегеніміз ақылға қонымды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
керемет сатья екен рахмет шынын айтыныз
Жауап беру