Футбол

«Эвиан» клубы жабылды

news-banner7
mobile-news-top

Францияның «Эвиан» клубы жабылды. Белгілі болғандай, клуб қаржылық қиындыққа байланысты жойылмақ. Бұл туралы France Football хабарлады.

2015/16 жылғы маусымның қорытындысы бойынша «Эвиан» Францияның екінші лигасынан шығып қалып, төртінші дивизионға жіберілген болатын. Команда басшылығының қаржы беру мәселесіне байланысты нақты шешім болмағандықтан, клубты жою жайлы шешімге келген.

«Эвиан» 1924 жылы құрылған. Жоғарғы лигада клуб 2011-2015 жылдар аралығында ойнады. 2012 жылы Франция Кубогының финалына шыққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер