Бокс

АІВА ұпай санаудың жаңа жүйесін қабылдады

АІВА ұпай санаудың жаңа жүйесін қабылдады
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) боксшылардың ұпайын есептеуге байланысты жаңа ережені қабылдады. Аталмыш ереже 2017 жылдан бастап ұйымның аясында өтетін жарыстарда қолданылады, деп жазылады АІВА баспасөз-релизінде.

Ережедегі рефорламалар Рио-де-Жанейро Олимпиадасынан кейін қабылданған болатын. Олимпиада кезінде төрешілердің жұмысы сынға алынып, қателікке бой алдырған қазылар жұмыстан шеттетілді.

Жаңа есептеу жүйесі Санкт-Петербургтегі жастар арасындағы әлем чемпионатында сыналып көрмек. Бұл ереже бойынша, ринг сыртындағы төрешілер алаңның төрт бұрышында отырады. Ал, жеңімпазды анықтау үшін барлық бес көрсеткіш те назарға алынады. Әр раундтың нәтижесі тек жекпе-жек біткеннен кейін анықталмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер