Футбол

Шамахты «Қайрат» сатып алмақ

Шамахты «Қайрат» сатып алмақ
news-banner7
mobile-news-top

Британиялық «Кардиффтің» 32 жастағы шабуылшысы Маруан Шамах осы қыста қазақстандық клубқа ауысуы мүмкін.

Француз-марокколық форвардты бұған дейін БАҚ өкілдері «Алтайдың» сатып алғысы келетінін хабарлаған. Аfricatopsports.com порталының жазуынша, Шамахты алматылық «Қайрат» қатарына қоспақ.

Маруан «Кардифф» сапына биыл қазанда ғана келген болатын, алайда сол уақыттан бері екі рет қана алаңға шықты.

Ойыншының еншісінде Марокко құрамасында 62 матч және 17 гол бар. Форвард ұзақ жылдар бойы франциялық «Бордо» сапында өнер көрсетті. Ал 2010-2013 жылдар арасында лондондық «Арсеналда» Андрей Аршавинмен бірге ойнады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер