Футзал

Қайрат Оразбеков: «УЕФА кубогының жаңа форматына қарсы емеспін»

Қайрат Оразбеков: «УЕФА кубогының жаңа форматына қарсы емеспін»
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубының президенті Қайрат Оразбеков Prosports.kz тілшісіне УЕФА кубогындағы болуы мүмкін өзгерістер жайлы айтып берді.

Естеріңізге сала кетсек, УЕФА Кубогы негізгі кезеңнің командалар саны 32-ге дейін көбеюі мүмкін.

- Бұл өте қызық ұсыныс деп ойлаймын. Жалпы бұл әңгіме бұрыннан бері айтылып келеді. Жаңа формат бойынша Испания, Португалия, Италия және Ресейден УЕФА кубогында екі команда қатыса алады. Қазіргі таңда, аталмыш елдерден тек бір клуб қана өнер көрсетеді.

- Бәлкім, жарыстың өту форматы да өзгеретін шығар. Негізгі кезең ойындары екі матчтан тұруы мүмкін бе?

- Кезінде мұндай форматта УЕФА кубогының финалдық кезеңі өткен. Мұны қолдайтын адамдар көп. 2006-шы жылғы «Қайрат» пен «Динамоның» ойындары есіңізде шығар. Өзбасым қарсы емеспін.

- Жаңа формат бойынша кейбір чемпионаттардан екі команда қатысады дейсіз. Қазақстан біріншілігі бұл тізімге кіреді ме?

- Бұл тізімге тек футзалды дамытуға көп қаржы бөліп жатқан елдердің чемпионаттары ғана кіреді. Жоғары деңгейлі клубтары көп, инфрақұрылымдары мықты біріншіліктер ғана екі команда ұсына алады.

Естеріңізге сала кетсек, УЕФА кубогының форматы өзгеретінін Ресей шағын-футбол Ассоциациясының басшысы Эмиль Әлиев мәлімдеген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер