Футбол

Әке көрген доп тебер...

Әке көрген доп тебер...
news-banner7
mobile-news-top

«Шеше көрген тон пішер, әке көрген оқ жанар» дейтін сөз бар емес пе? Кәнігі қазақтың мақалы. Мағынасы бар, астары терең сөз. Бұл күні осы сөзді футболға әкеліп теліп жүрміз. Расымен әкесі футболшы болғандар да қазір жасыл алаңда доп тебуде. «Олар кімдер?» десеңіздер мысал көп. Соның бірі Хиданның ұлына тоқталғым келеді. Себебі, Зидан көптеген адамның жүрегінде мықты футболшы болып қала бергені анық.

Зидан өзі уругвайлық Энцо Франческоллиге еліктеп өсті. Соны пір тұтты. Ол да бір өткен ғасырдың ғаламат ойыншыларының бірі болатын. Зиданның ұлы Энцо Фернандес Зидан. Энцоның атының өзі футболшыға қаратылып қойылды. Мұны біліп жатқан кім бар?

a035630fd42eba701a9508b9863f38af.jpg

Сол Энцо Фернандес Зидан «Реал» командасы үшін алғашқы ресми матчқа қатысты. Екінші құрамнан алынған жас ойыншы Испания кубогы аясындағы матчта алаңға алмасып кірді. Испания кубогының 1/16 финалында мадридтік клуб «Культураль Леонес» командасын қабылдады. 5:1 болып аяқталған кездесудің 63 минутында Энцо өзінің «Реал» сапындағы алғашқы голын соқты. 21-жастағы франуцз жартылай қорғаушысы осылайша әке жолын қуды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер