Бокс

WBC Головкинды жыл чемпионы атағына үміткер ретінде тіркеді

WBC Головкинды жыл чемпионы атағына үміткер ретінде тіркеді
news-banner7
mobile-news-top
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) тұжырымы бойынша жылдың үздік чемпионы атағына үміткер ретінде тіркелді.
Дауыс беру WBC ұйымының ресми сайтында жүргізіледі. Ұнаған боксшыға дауыс беру үшін осы сілтеме арқылы өту керек.
Головкиннан бөлек, бұл сыйлыққа үміткерлер тізіміне Роман Гонсалес, Шинсуке Яманака, Теренс Кроуфорд және Ваенхонг Менайотин енген.

Сонымен қатар, Геннадийдың британиялық Келл Брукқа қарсы өткізген жекпе-жегі WBC тұжырымы бойынша «Жыл жекпе-жегі» сыйлығын алуы мүмкін. Айта кету керек, бұл сыйлыққа Сауль «Канело» Альварес пен Әмір Хан арасынағы жекпе-жек те үміткер ретінде тіркелді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер