Басқа

МакГрегорды «балапан» деген Хабиб Нурмагомедов Алматыға келеді

МакГрегорды «балапан» деген Хабиб Нурмагомедов Алматыға келеді
news-banner7
mobile-news-top

UFC-де өнер көрсетіп жүрген ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов Алматыда семинар өткізеді.

Tengrinews.kz сайтының жазуынша, семинар 12 желтоқсан күні Алматыдағы Royal Tulip қонақүйінде өтеді. Шара сағат 15:00-де басталады және кіру тегін.

Семинарды Нурмагомедовпен қатар Абубакр Нурмагомедов, Зубайра Тухугов және Ислам Махачев жүргізеді.

Еске салайық, өзінің соңғы жекпе-жегін Нурмагомедов қарашаның ортасында Нью-Йоркте өткізген болатын. UFC 205 турнирінде Нурмагомедов америкалық Майкл Джонсонды үшінші раундта жеңіп, UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегорды балапан деп мазақтап, жекпе-жекке шақырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер