Басқа

Алексей Ни бас бапкер Мельников жайлы өз ойын білдірді

Алексей Ни бас бапкер Мельников жайлы өз ойын білдірді
news-banner7
mobile-news-top

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының экс-бас бапкері Алексей Ни өзінің орнына келген Юрий Мельников жайлы пікір білдірді, - деп жазады Tengrinews.kz.

«Мельниковтың ұлттық құраманың бас бапкері қызметін атқарушы болып тағайындалғаны дұрыс шешім деп есептеймін. Оның қол астынан Сергей Копытов, Вячеслав Ню, Татьяна Хромова, Бақыт Ахметов, Алла Важенина сияқты еңбек сіңірген спорт шеберлері шыққанын білеміз. Юрий Қазақстан құрамасын халықаралық жарыстарға жоғары деңгейде дайындайтынына күмән жоқ» - деді Ни.

Естеріңізге сала кетейін, 25-ші қараша күні Алексей Ни Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кеткен болатын. Ал, 2-ші желтоқсан күні ұлттық құраманың бас бапкерінің міндетін атқарушы болып тағайындалғаны белгілі болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер