Футбол

Роналду 2016 жылғы «Алтын доп» иегері атанды

Роналду 2016 жылғы «Алтын доп» иегері атанды
news-banner7
mobile-news-top

Mundo Deportivo басылымының хабарлауынша, France Football журналы бастаған қазылар алқасы 2016 жылғы «Алтын доп» жүлдесінің иегерін анықтады.

Жүлде Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналдуға табысталатын болды. Естеріңізге сала кетсек, биыл Роналду Еуропа чемпионаты мен Чемпиондар лигасын ұтып алды.

Жалпы «Алтын доп» жүлдесін табыстау құқығы осыған дейін біршама уақыт бойы ФИФА-ның құзіретіне берілген еді. Жуырда бұл мәртебе France Football журналына қайтып берілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер