Хоккей

Асқар Мамин Қазақстан хоккей федерациясын басқарады

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Қазақстан хоккей федерациясының (ҚХФ) басшысы қызметіне үшінші мерзімге қайта сайланды, деп хабарлайды Baq.kz.

Sports.kz сайтының мәліметінше, Мамин Қазақстан хоккей федерациясын 2008 жылдың қазанынан бері басқарады. 2012 жылы ол екінші мерзімге сайланған болатын.

2016 жылдың қыркүйегінде Мамин Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2008 жылдың сәуірінен 2016 жылдың қыркүйегіне дейін ол «Қазақстан темір жолы» АҚ президенті болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер