Қазақ боксшылары
Бокс

Маңғыстау боксшылары Конфедерация кубогын иеленді

Маңғыстау боксшылары Конфедерация кубогын иеленді
news-banner7
mobile-news-top

Биылғы жылы, 3-4 желтоқсан күндері елімізде алғаш рет Конфедереция кубогы үшін командалық сайыс өтті. Жалпы жүлде қоры 125 млн теңгені құрайтын байрақты бәсекеге әр өңірден келген спортшылары күш қолданылатын спорт түрлерінен бақ сынады. Бокстан Маңғызтаудан келген спортшылар мықты екендіктерін дәлелдей алды.

Жартылай финалға алып шаһар Алматы мен Астана құрамасы өзара кім мықтыны анықтады. 4 ұпаймен алға шыққан Елордалық боксшылар финалға жолдама алды. Алғашқы жұптың есебі 7:3 болды. Ал, екінші жұп Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстаннан келген былғары қолғап шеберлері қолғап түйістірді. 6:4 есебімен Маңғыстаулықтарға жол берген Оңтүстік Қазақстан құрамасы жарысты осы жерден аяқтады.

Ақтық финалда олимпиаданың күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовтың Маңғыстау былғары қолғап шеберлері жартылай финалдағы ерліктерін кезекті рет қайталады. Астананың арландары айбынын көрсеткенімен 6:4 есебімен ұтылып, айылын жия алмады. Дегенмен, ойын тартысты өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер