Футбол

Георгий Жуков: «Басты мақсат - «Қайратпен» ел чемпионатын жеңу»

Георгий Жуков: «Басты мақсат - «Қайратпен» ел чемпионатын жеңу»
news-banner7
mobile-news-top

«Қайраттың» жаңа ойыншысы Георгий Жуков алматылық клубтың баспасөз-қызметіне сұхбат берді.

- «Қайрат» сынды үлкен командаға ауысқаныма қуаныштымын. Негізі, мен жазда алматылық клубпен келіссөздер жүргізгенмін, бірақ ол кезде Ресей чемпионатында өнер көрсетуді жөн көрдім. Соған қарамастан, мен әрдайым Қайрат Боранбаевпен хабарласым жүрдім. Енді міне «Қайратқа» да ауыстым.

- Неліктен «Қайратқа» ауыстыңыз?

- Бұл тарихы бай, инфрақұрылымы жоғары команда. Мен бұл жобаға сенемін, «Қайратқа» пайдамды тигізгім келеді.

- Сіз Қазақстан чемпионатында бір жыл ойнамадыңыз. Бұл мерзім ішінде не өзгерді деп ойлайсыз?

- Мен үнемі Қазақстан чемпионатын бақылап жүрдім. Ел біріншілігінде өзгеріс жоқ, екі көшбасшы команда бар: «Қайрат» пен «Астана». Испаниядағы «Реал» мен «Барса» сияқты.

- Жаңа клубта өз алдына қандай мақсат қойдыңыз?

- Мақсат - чемпион атану. Сондай-ақ, біз ел кубогын ұтып, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығуымыз тиіс. Жеке мақсатым - негізгі құрамда ойнау. «Қайратта» орталық шепте мықты ойыншылар жетеді, бірақ мен бәсекелестіктен қорықпаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер