Басқа

Ауыр атлет Денис Ұланов студенттермен кездесті

news-banner7
mobile-news-top

2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы, қазақстандық ауыр атлет Денис Ұланов Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесті.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, ашық әңгімеде Денис Ұланов физикалық қалпын сақтау, ауыр жаттығудан кейінгі демалу туралы өз құпияларымен бөлісті, бос уақытын қалай өткізетінін, спортқа қалай келгенін айтып берді. Бала күнінде Денис ғарышкер болуды армандаған екен, кейінірек ол үлкен спортқа бару туралы шешім қабылдайды. Үлгі тұтар адамы Илья Ильин қазір оның жақын достарының бірі. «Мен өз ісіме ғашықпын. Сол үшін үлкен спортты тастаған жоқпын», - деді Уланов.

Денис болашаққа жоспарларымен бөлісіп, 2017 жылғы Әлем чемпионатына дайындығы туралы әңгімеледі. «Өскемен қаласы дене тәрбиесі жән спорт басқармасы» ММ жетекшісі Алмас Атаев барлық шығысқазақстандықтар атынан Ұлановқа жаңа табыстар тіледі. Кездесуден естелік ретінде спортшыға Ян Кинг пен Лу Шулердің «Бұлшықеттер туралы үлкен кітабын» сыйға тартты, студенттер танымал спортшымен фотоға түсіп, қолтаңба алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер